Қазақстанда 6 облыстың тұрғындарына қатты ыстық болатыны ескертілді

Фото:depositphotos.com

Қазгидромет алты өңірдің тұрғындарына аптап болатыны туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет алты өңірдің тұрғындарына аптап болатыны туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 11 маусымда Қазақстан аумағында байқалатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары болжамын ұсынды.

"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде нөсер, бұршақ жауады, бұрқасын болады, тек батыста және солтүстік-батыста жоғары қысымды өріс ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі", - деді метеорологтар.

Реклама
Реклама

Күндіз Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында қатты ыстық сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама