27 наурыз 2020 | 15:53

Қазақстанда 65 жастан асқандарға көшеге шығуға шектеу қойылды

Фото: Әлихан Сариев

Қазақстанда 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтардың арасында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында бас санитар дәрігердің қаулысында 65 жастан асқан қазақстандықтарға көшеге шығуға шектеу қойып, оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткізілетіні туралы айтылады.

Реклама
Реклама

Мұның алдында Нұр-Сұлтан және Алматыда 30 наурыздан бастап кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылатыны хабарланған болатын.

"Мемлекеттік комиссия коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында биылғы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді бекітті. Толық тізім қалалардың әкімдіктерімен келісе отырып анықталады", - делінген еді хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная