ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 шілде 2026 14:23
Қазақстанда 7-9 шілдеде ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Республиканың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, ал 7-8 шілдеде солтүстігі мен орталығында күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін.
7 шілдеде орталықта, шығыста, 8 шілдеде батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, ал 9 шілдеде батыста нөсер жаңбыр жауып, бұршақ жаууы ықтимал. Батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде жел күшейеді деп күтіледі.
Сондай-ақ, синоптиктер елдің солтүстік-батысында, орталығында 35-39 градусқа дейін аптап ыстық, кей аймақтарда 41 градусқа дейін өте қатты ыстық болады деп болжап отыр. Республиканың солтүстігінде де күн ысып, термометр бағаны 35-38 градусқа дейін жетеді.
"Қалған аумақтарда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", — деді "Қазгидромет" мамандары.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу