ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қыркүйек 2020 | 09:33
Қазақстанда 7 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1 адам және пневмониямен ауырған 6 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1 адам және пневмониямен ауырған 6 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі 13 қыркүйекке арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат таратты.
"Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 521 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 35 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 352 науқас жатыр. 2 169 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 129 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Еске салайық, елімізде өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 346 жағдайы тіркелді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также