Қазақстанда 9 мыңға жуық азаматтығы жоқ адам анықталды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Қазақстанда 9 мыңға жуық азаматтығы жоқ адам анықталды Фото "Хабар 24"

Қазақстанда соңғы екі жылда тоғыз мыңға жуық азаматтығы жоқ адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Қазақстанда соңғы екі жылда тоғыз мыңға жуық азаматтығы жоқ адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Оларды анықтау жұмыстары халықаралық құжаттама науқаны аясында жүргізілді.

ҮЕҰ, Көші-қон қызметі және Әділет министрлігі өңірлердегі азаматтығы жоқ адамдарды анықтау үшін бірлесіп жұмыс істеді. Соңында 500-ден аса адам азаматтық алды, тағы 490-ы құжаттарын рәсімдеді.

Жарнама
Жарнама

Тиісті мекемелер еліміздің БҰҰ-ның азаматтығы жоқтар жөніндегі конвенцияларына қосылуы бойынша шетелдік әріптестермен келіссөздерді жалғастырып жатыр.

Еске салайық, мамырда "Урлютөбе" шекаралық бақылау бөлімінің өткізу пунктінде Қазақстан азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде үш төлқұжаты бар - қазақстандық, ресейлік және канадалық әйел ұсталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама