Қазақстанда ағаштың кейбір түрін экспорттауға тыйым салынды

Freepik

Қазақстанда ағаштың кейбір түрін экспорттауға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда ағаштың кейбір түрін экспорттауға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 9 желтоқсаннан бастап елден ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды. Тыйым ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарын заңсыз кері экспорттауға жол бермеу мақсатында енгізілді.

Тыйым салу Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы "Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" 690-бұйрығымен енгізілді, ол 2022 жылғы 9 желтоқсанда күшіне енді.

Реклама
Реклама

Бұл бұйрық ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 "Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар" кодын қоспағанда, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салуды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная