10 ақпан 2021 | 09:56

Қазақстанда ажырасу саны азайды

Көрнекі сурет: t-l.ru

Қазақстанда коронавирус кезінде ажырасу саны үш есе азайды. Ал үйлену саны 16 пайызға азайған, - деп хабарлайды Ranking.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирус кезінде ажырасу саны үш есе азайды. Ал үйлену саны 16 пайызға азайған, - деп хабарлайды Ranking.kz.

2020 жылдың үш тоқсанында 87,6 мың үйлену мен 17,3 мың ажырасу тіркелген. 2019 жылмен салыстырғанда үйлену 15,7 пайызға, ажырасу 2,6 пайызға қысқарған. 

Басылым мәліметінше, көптеген елде жағдай басқаша. BBC News мәліметінше, 2020 жылы карантин кезінде ажырасу саны көп болған. Мысалы Ұлыбританияда ресми ажырасулар саны шамамен 20 пайызға өскен. Өзге елдерде де - Канададан Қытайға дейінгі жағдай да сондай.  

Реклама
Реклама

2020 жылғы қаңтар - қыркүйектегі ажырасу мен неке қатынасы рекордтық төмен көрсеткіш көрсетті - 19,8 пайыз, ал өткен жылы бұл көрсеткіш, керісінше, жоғары рекордтық теріс мәндерге ие болды - 43,5 пайызға жетті.

Елдегі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде тіркелген 69 пайыз неке қалада болған: 60,4 мың - өткен жылмен салыстырғанда 17,5 пайыз төмен. Ал ауылды аймақтардағы неке саны 11,6 пайызға - 27,2 мыңға қысқарған. 

Елдегі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде тіркелген 73,4 пайыз ажырасу қалада болған - 12,7 мың, ал ауылды аймақтарда 26,6 пайыз - 4,6 мың. Қалада да, ауылда да ажырасулар саны 2,6 пайызға қысқарған. 

Қазақстанның барлық өңірінде неке саны қысқарған. Мысалы Шымкентте 27,4 пайызға, Қостанай облысында 19,8 пайызға және Алматыда 18,3 пайызға, Қызылорда облысында 10,2 пайызға, Павлодар облысында 10,5 пайызға және Түркістан облысында 11 пайызға азайған. 

Ажырасу саны да еліміздің біраз өңірінде азайған. Мысалы Қызылорда облысында төрт есе, Атырау облысында 3,7 есеге және Батыс Қазақстан облысында 3,1 есе азайған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram