Қазақстанда ақылы жолдар көбейеді

Фото:depositphotos.com

Көлік министрі Марат Қарабаев 29 тасжол учаскесіне жол ақысын енгізу жоспарымен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік министрі Марат Қарабаев 29 тасжол учаскесіне жол ақысын енгізу жоспарымен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұзындығы 3,2 мың шақырым болатын 17 ақылы жол учаскесі жұмыс істеп тұр, ал былтыр жиналған төлем көлемі 48 миллиард теңге болған.

"Биыл жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ұзындығы 6,2 мың шақырым болатын тағы 29 учаскеде ақылы жол жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Ақылы жолдардан жиналатын төлем көлемі 100 миллиард теңгеден асады деп күтіледі", – деді министр Сенаттағы үкімет сағатында.

Реклама
Реклама

Бұдан бөлек, Қарабаевтың айтуынша, болашақта барлық жолды күтіп ұстау, техникалар сатып алу және алынған қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді өтеу мәселелері де жол жүру ақысынан түскен қаражат есебінен шешілуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама