18 ақпан 2021 | 11:16

Қазақстанда алаяқтар шабуылы туралы жалған хабарлама тарап жатыр

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) желіде алаяқтар шабуыл туралы жалған хабарлама тарап жатқанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) желіде алаяқтар шабуыл туралы жалған хабарлама тарап жатқанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар шабуылы туралы ақпарат алғанын хабарлап отырады. Бізге тағы да жаңа алдау жүйесі туралы хабарлама келді. Онда өзін зейнетақы қоры қызметкерімін деп таныстырып, банк картасының нөмірін және зейнетақыны қайта есептеу үшін салымшыдан жеке деректерін сұрайтыны айтылған.

БЖЗҚ мұндай алдау жүйесінің Ресей Федерациясында жүзеге асырылғанын және қазақстандық зейнетақы қорына ешқандай қатысы жоғын анықтады", - деп хабарлады қор қызметкерлері.

БЖЗҚ телефон арқылы жеке деректер мен банк карталарының нөмірін сұрамайтынын еске салды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, қор бейтаныс сайттарға, күдікті сілтемелерге өтпеуге және ақпаратты тек ресми сайттан тексеруге кеңес береді. Ақпараттар жеке сайтта және БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная