03 желтоқсан 2021 | 12:03

Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4-6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4-6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, 4 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етеді. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал оңтүстік өңірлерге оңтүстік циклон әсер етеді: жаңбыр, құмды дауыл, жел болады деп болжанады. 5-6 желтоқсанда Республиканың көп облыстарына солтүстік-батыс циклон әсер етіп, атмосфералық фронталь бөліктерге байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Қар түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ, тұман, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады.

"Батыста ауа температурасы түнде 5 градус аяз - 3 градус жылы, күндіз 3 градус аяз - 5 градус жылы, солтүстік-батыста ауа температурасы аздап төмендейді - түнде 6 градус аяз - 3 градус жылыдан 3-11 градус аязға дейін, күндіз 0-8 градус аяз, солтүстікте температура төмендейді - түнде 5-13-тен 10-18 градус аязға, күндіз 2-10-нан 5-13 градус аязға дейін, республиканың шығысы мен орталығында ауа температурасы ауытқыйды - түнде 5-13-тен 10-20 градус аязға дейін, күндіз 0-10 градус аяз, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 2 градус аяз - 7 градус жылы, күндіз 2-12 градус жылы", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная