ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қаңтар 2023 | 11:48
Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда ауа райында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді. Республиканың батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстанның қалған аумағы бұрынғысынша атмосфералық фронталь бөліктер ықпалында болады: қар жауып, жел күшейеді.
"Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді, алайда республиканың оңтүстігінде ауа температурасының күндіз 2 градус аяздан - 3 градус жылыға дейін, солтүстік және таулы аудандарда 5 градус аяздан 5-10 градус жылыға дейін, елдің оңтүстік-шығысында 2 градус аяздан - 3 градус жылыға дейін біртіндеп көтерілуі болжанады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также