Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Синоптиктер алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антициклон сілемі әсерінен еліміздің көптеген аймағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттар өтіп, өткінші жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауыл мен екпінді жел соғады.

Күндіз батыста және оңтүстікте 25-32 градус жылы, солтүстік пен орталықта 20-28 градус жылы болады, ал еліміздің шығысында температура 17-25 градусқа дейін көтеріледі.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама