ПОДЕЛИТЬСЯ
10 желтоқсан 2021 | 11:44
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11-13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11-13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, Қазақстанның солтүстік және шығыс жартысында аяз басталады. Оның себебі, солтүстік-батыстан келген антициклон әсер етеді. Ол алдымен батыста, содан кейін Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.
"Бұл аймақтарда түнгі уақытта термометр бағандары 15-25 аязға дейін төмендейді. Тек оңтүстік аймақтарда жылы болады. Онда оңтүстік циклон әсер етеді, оған қоса жауын-шашын, тайғақ болады. Бірақ ауа температурасы қолайлы болады деп болжанады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также