ПОДЕЛИТЬСЯ
21 ақпан 2022 | 11:36
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 22, 23 және 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 22, 23 және 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы ауқымды антициклон ықпалында болады. Антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Алайда елдің солтүстік жартысына фронталь бөліктер әсер етеді - қар жауады, боран соғады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді, республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі. Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градус аяз, шығысында 10-29 градус аяз, оңтүстігінде 5 градус аяздан 5 градусқа дейін жылы, батысында 0-10 градус аяз болады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также