27 наурыз 2022 | 20:56

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Синоптиктер 27, 28, 29 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 27, 28, 29 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болуына байланысты Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының тау бөктеріндегі өзендерде су деңгейі көтеріледі. 

28 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстік батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз облыс орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.

Реклама
Реклама

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік шығысында көктайғақ. Батыс, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан жел солтүстік батысқа ауысады, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман. Оңтүстік батыстан соққан желдің күші 15-20 метрге, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 25 метрге жетеді.

29 наурызда күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (негізінен, жаңбыр) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік шығысында, таулы аймақтарда тұман түседі. Оңтүстік батыстан оңтүстік шығысқа ауысатын жел облыстың оңтүстік батысында, солтүстік шығысында, таулы аймақтарда секундына 15-20 метр, 29 наурызда кей жерлерде секундына 23-28 метр.

Павлодар облысының жолдарында көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман, аздаған бұрқасын күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан жел күндіз облыстың батысында, солтүстік шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында түнде тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік шығыстан соққан жел солтүстік батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстік батысында секундына 23 метрге жетеді.

28 наурызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метр.

Нұр-Сұлтанда 28 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында оңтүстік батыстан соғатын желдің күші 15-20, таңертең және күндіз таулы аймақтарда екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная