Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен, Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауады, елдің оңтүстігінде найзағай, екпінді жел, нөсер болады деп болжанған.

"Республиканың солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елде тұман, батыста және оңтүстікте құмды дауыл болады. Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы 10-18-ден 18-26 градусқа дейін, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 10-17-ден 15-26 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында термометр бағаны 22-32 градусқа дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама