08 тамыз 2022 | 11:13

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 9, 10 және 11 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 9, 10 және 11 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, Солтүстік антициклон сілемі, республиканың батыс жартысына әсер етеді, осылайша алдағы тәулікте мұнда негізінен құрғақ, әрі жылы ауа райы сақталады.

"Елдің солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік бөлігіне, оңтүстік циклон қуыстары мен атмосфералық фронттар әсер етеді, бұл жауын-шашынның түсуіне ықпал етеді. Осылайша, елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр болады деп болжанады. Күн күркірейді, бұршақ жаууы және қатты жел соғуы мүмкін" - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ауа температурасы:

  • күндіз батыста +30 +38 градус,
  • солтүстік-батыста +27 +35 градус,
  • солтүстікте +18 +25 градус,
  • орталықта +17 +28 градус,
  • шығыста +18 +30 градус,
  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +33 градус шегінде,
  • таулы аудандарда 13 +20 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram