24 тамыз 2022 | 11:53

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25, 26 және 27 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25, 26 және 27 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, республиканың батыс және оңтүстік өңірлерінде ашық және ыстық ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа райының қалыптасуына солтүстік циклон жырасы әсер етеді, сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, аптаның аяғына қарай солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді деп күтіледі.

"Қазақстанның батысында күндізгі ауа температурасы +27+38 градус шамасында сақталады, республиканың солтүстік-батысында ауа температурасы +25+32 градустан +20+28 градусқа дейін, солтүстігінде +22+27 градустан +18+23 градусқа дейін төмендейді, елдің орталығы мен шығысында ауаның температурасы +18+28 градус, оңтүстігінде +28+35 градус, оңтүстік-шығысында +20+30 градус шамасында болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная