ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2022 | 11:02
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 29 және 30 қыркүйекке, сондай-ақ 1 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 29 және 30 қыркүйекке, сондай-ақ 1 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, суық антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде әсерін сақтайды.
"Түнде ауа температурасының нөлдік мәні сақталады және елдің солтүстік аудандарында жауын-шашынның тоқтауы күтіледі. Республиканың батысында ғана солтүстік-батыстан ауысып келе жатқан циклон әсерінен ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі", - делінген хабарламада.
Жалпы республика бойынша: елдің солтүстік жартысында – тұман, жел күшейеді, республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде – құмды дауыл күтіледі.
"Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасы 3-10 градусқа дейін, күндіз 0-5 градусқа дейін төмендейді, оңтүстікте күндіз 13-23 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 5-13 градусқа дейін, республиканың батысында күндіз термометр 17-30 градусқа дейін көтеріледі", - деп нақтылады метеорологтар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также