12 желтоқсан 2022 | 10:57

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 13-15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 13-15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы әлі де антициклон ықпалында болады, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың батысында, шығысында, солтүстік-шығысында атмосфералық фронталь бөліктерге байланысты қар, бұрқасын күтіледі. Еліміздің оңтүстігі мен батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді деп болжанады.

"Ауа температурасы еліміздің солтүстігінде түнде 23-31 градусқа дейін аяз, күндіз 15-28 градусқа дейін аяз, орталықта түнде 18-33 градусқа дейін, күндіз 13-23 градусқа дейін аяз, шығыста түнде 25-34 градусқа дейін аяз, күндіз 20-30 градусқа дейін аяз, ал еліміздің батысында түнде 0-8 градусқа дейін аяз, күндіз 5 градус аяз - 5 градус жылыға дейін төмендейді, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күрт өзгерістер күтілмейді, түнгі ауа температурасы 2-15 градус аяз болады, күндіз 7 градус аяз - 3 жылыға дейін аздаған жоғарылайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная