ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ақпан 2023 | 15:31
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 28 ақпан - 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 28 ақпан - 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар болжамы бойынша, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райына атлантикалық циклон ықпал етеді. Қар, көктайғақ, тұман, екпінді жел, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде боранмен қатты жауын-шашын болады. Тек оңтүстік-шығыста, 28 ақпан-1 наурыз аралығында елдің шығысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
"Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі деп күтіледі. Күндіз Қазақстан Республикасының солтүстік жартысында термометрлер 3-5 градусқа дейін, ал оңтүстік жартысында ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жылынады, тек батыста және солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 0-10 градусқа дейін біртіндеп төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также