ПОДЕЛИТЬСЯ
01 наурыз 2023 | 17:09
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2-5 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 2-5 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтардың айтуынша, көктемнің алғашқы күндері басталса да, еліміздің солтүстік жартысында ауа райы әлі де суық. Мұның себебі - белсенді атлантикалық циклон мен суық атмосфералық фронттар. Ол қар, көктайғақ, тұман, боран, екпінді жел түрінде жауын-шашын тудырады.
Тек 2 наурызда оңтүстік облыстарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, одан кейін ауа райы тұрақсыз болады, жауын-шашын (жаңбыр, көктайғақ), тұман күтіледі.
"Фронттар әсерінен Қазақстанның солтүстік жартысында түнде ауа температурасы 10-20 градус аязға, ал оңтүстік жартысында түнде 7 градус аяз - 2 градус жылыға дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также