20 қыркүйек 2023 | 17:49

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер Қазақстанда 21-23 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер Қазақстанда 21-23 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы тәуліктерде еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауады, жаңбыр мен бұрқасын түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Реклама
Реклама

21 қыркүйекте оңтүстікте, 21 қыркүйекте, 23 қыркүйекте шығыста, 21-22 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады. Батыс антициклоны әсерімен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжанған. Солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің орталығында түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін аяз күтіледі.

"ҚР батыс облыстарында 24-30 градусқа дейін жылы, елдің солтүстік-батысында 15-27-ге дейін, республиканың солтүстігінде 10-16 градусқа дейін жылы, орталықта негізгі фон 10-23 градус, шығыста 10-15-ке дейін, оңтүстікте 20-28-ге дейін, оңтүстік-шығыста 12-22 градусқа дейін төмендейді, таулы аймақтарда 2-10 градус", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная