27 қыркүйек 2023 | 11:28

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Tengrinews.kz. Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 28-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 28-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жел соғып, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде, таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман күтіледі.

"Елдің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін аяз сақталады. Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз 17-23 градусқа дейін, таулы аудандарда 8-13 градус жылы температураға дейін біртіндеп төмендейді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная