Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Синоптиктер Қазақстанда 4-6 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер Қазақстанда 4-6 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, кезеңнің басында Қазақстан аумағы арқылы терең Атлантикалық циклон өтеді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Алайда, 4 қарашада жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температураның төмендеуі күтіледі.

"Ауа температурасы түнде республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 3-15 градус аязға дейін, күндіз 3 градус аяздан 8 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде температура 2 градусқа дейін төмендейді, таулы аймақтарда 5-10 аяз, күндіз 5-15 градус аяз болады. Қазақстанда түнде және таңертең тұман күтіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама