08 қараша 2023 | 11:11

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 9-11 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер Қазақстанда 9-11 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, 9 қарашада оңтүстікте, 10 қарашада батыста жаңбыр, 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) болады деп күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болады деп болжанған.

Реклама
Реклама

"Кезеңнің аяғына қарай Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы түнде 2 градустан 3 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5-10 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная