Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер Қазақстанда 21-23 желтоқсанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер Қазақстанда 21-23 желтоқсанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кезеңнің басында республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде, сондай-ақ орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), түнде солтүстік пен шығыста қатты қар күтіледі. 23 желтоқсанда атлантикалық циклонының әсерінен Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

"Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын күтіледі және жел 15-20, екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді, сондай-ақ тұман болжанады. Алайда ауа температурасында күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама