24 қаңтар 2024 | 12:44

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 25-27 қаңтарда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер Қазақстанда 25-27 қаңтарда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның көп бөлігі жауын-шашын мол болатын оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттар ықпалында болады, солтүстік өңірлерде қар түрінде, оңтүстік өңірлерде қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі. Боран мен жел күшейеді, Оңтүстіктің таулы аймақтарында қалың қар, көктайғақ, тұман болады. Республиканың батыс жартысында ғана Батыс антициклоны басым болады, аязды ауа райы сақталады.

"Елдің басым бөлігінде температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 8-13 градусқа дейін, таулы аудандарда 18-23 градус аяз, күндіз 2-7 градусқа дейін, таулы аудандарда 10-15 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная