ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қараша 2024 | 12:46
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстанда 5, 6 және 7 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер Қазақстанда 5, 6 және 7 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, елдің батысында 5 қарашада, солтүстігінде 6 қарашада, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 6-7 қарашада жауын-шашын, қар мен жаңбыр жауады, көктайғақ, қарлы боран, екпінді жел, тұман, қатты жауын-шашын болжанады. Тек 5 қарашада солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.
"Республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кезеңнің соңына қарай ауа температурасының түнде 3 градус аязға дейін - 5 градус жылы, таулы аудандарда 8 градус аяз, күндіз 0-7 градус жылы, таулы аудандарда 2 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также