ПОДЕЛИТЬСЯ
Кеше | 15:10
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күн – 23, 24 және 25 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күн – 23, 24 және 25 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның көп бөлігінде ауа райына сібір антициклоны әсер етеді, ол жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттар ықпалынан жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ күтіледі. Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман болады.
"Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнде ауа температурасының 10-18 градусқа дейін төмендеуі, елдің шығыс шетінде 23 градус аяз күтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также