Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 13, 14 және 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 13, 14 және 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік аймақтар солтүстік циклонның ықпалында қалса, оңтүстік өңірлерге оңтүстік циклоны әсер етеді. Осыған байланысты қар жауып, боран соғуы мүмкін. Кейбір өңірлерде қалың қар жауады деп күтіледі:

  • 14 ақпан – Қызылорда облысында;
  • 14-15 ақпан – Түркістан облысында;
  • 15 ақпан – Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында.
Реклама
Реклама

Күндіз еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аралас жауын-шашын – жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал, бұл көктайғаққа әкеледі деп болжанған.

Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейіп, тұман түсуі болжанып отыр.

"Температуралық фон тұрақты болып қалады, күрт өзгерістер күтілмейді", – деп мәлімдеді синоптиктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама