Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 13, 14 және 15 наурыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 13, 14 және 15 наурыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, елдің шығыс және орталық бөлігінде антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде батыс циклонының ықпалымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, жел күшейіп, жолдарда көктайғақ болады.

Оңтүстікте оңтүстік циклонының әсерінен күн ашық және құрғақ болады, соның нәтижесінде бұл аймақтарда күн жылынады. Ел бойынша тұман күтіледі.

Реклама
Реклама

"Солтүстік өңірлерде түнгі ауа температурасы 10-25 градустан 0-15 градус аязға дейін, күндіз 0-10 градустан 2 градус аяз – 5 градус жылыға дейін жоғарылайды. Шығыста түнде 15-27 градустан 7-20 градус аязға дейін, күндіз 2-13 градустан 3 градус аяз – 8 градус жылыға дейін көтеріледі. Батыс және оңтүстік аймақтарда түнгі температура 0-8 градустан 10-22 градус жылыға дейін жетеді", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама