Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

"Қазгидромет" синоптиктері 15-17 наурыз аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болтынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 15-17 наурыз аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болтынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері елімізде екі қарама-қарсы атмосфералық процесс әсер етеді. Антициклонның ықпалымен шығыс, орталық және солтүстік-шығыс өңірлерде ауа райы құрғақ және тұрақты болады. Ал батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтар солтүстік-батыс циклонының ықпалына түсіп, жаңбыр мен қар жауады, жел күшейіп, көктайғақ болуы мүмкін. Кейбір жерлерде тұман түсіп, көріну деңгейі төмендеуі ықтимал.

Ауа температурасы қандай болады?

Реклама
Реклама
  • Қазақстанның батысында: түнде +2...+7°C, күндіз +12...+20°C.
  • Қазақстанның солтүстігінде: түнде -1...-10°C-тан -3...-2°C-қа дейін, күндіз +1...+6°C-тан +5...+10°C-қа дейін.
  • Қазақстанның шығысында: түнде -12...-22°C-тан -5...-12°C-қа дейін, күндіз -2...+6°C-тан +1...+8°C-қа дейін.
  • Қазақстанның оңтүстңгңнде: Түнде +2...+7°C, күндіз +13...+18°C-тан +18...+23°C-қа дейін.
  • Оңтүстік-шығыста: түнде -2...+3°C, таулы аймақтарда -8...-13°C, күндіз +10...+15°C-тан +15...+20°C-қа дейін болады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, жауын-шашын, тұман және көктайғақ жол қозғалысын қиындатуы мүмкін. Осыған байланысты жүргізушілерге барынша сақ болу және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная