Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

117
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" 18, 19 және 20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" 18, 19 және 20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, республика аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Тек батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде циклон ойысының әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, жел күшейіп, жолдарда көктайғақ болады. Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман түседі.

"Елдің солтүстігінде түнде ауа температурасы -3°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +5°С-тан +16°С-қа дейін жылынады. Орталықта түнде -3°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +5°С-тан +20°С-қа дейін көтеріледі. Шығыста түнде -7°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +3°С-тан +16°С-қа дейін болады. Батыста түнде -5°С-тан +5°С-қа дейін төмендеп, күндіз +5°С-тан +18°С-қа дейін жылынады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде +5°С-тан +13°С-қа дейін, ал күндіз +22°С-тан +30°С-қа дейін көтеріледі", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная