Синоптиктер 13, 14 және 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан аумағына қуатты циклон жақындап келеді. Бұл циклон жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, боран әкеліп, республика аумағының басым бөлігін қамтиды.
"Жауын-шашынмен бірге, жел де күшейеді. Батыста, солтүстікте, еліміздің орталық бөлігінде екпіні секундына 30 метрге дейін және одан да жоғары болатын екпінді жел болжанады", - деп ескертті синоптиктер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!