26 мамыр 2021 | 11:51

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" синоптиктері 27-29 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" синоптиктері 27-29 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметі бойынша, 27 мамырда Қазақстанның батыс, солтүстік, ал 28 мамырда орталық және шығыс аймақтарында ауа райына Қара теңіз аудандарынан антициклон ықпал етеді.

"Солтүстік ауа ағындары ауа температурасының төмендеуіне әкеледі: батыс өңірлерде түнде 10-22 граусқа дейін, күндіз 27-35 гадусқа дейін жылы. Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 5-15 градусқа дейін, күндіз 17-28 градусқа дейін жылы. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, 28 мамырға қараған түні Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер болады. Сондай-ақ, қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алайда синоптиктердің айтуынша, ауа температурасының төмендеуі республиканың оңтүстік өңірлеріне әсер етпейді. Олар әлі де жылы ауа массаларының ықпалында болады және тек фронтал бөліктердің ықпалымен елдің оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная