ПОДЕЛИТЬСЯ
30 маусым 2021 | 12:06
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды
Қазақстанда аптап күтіледі. Синоптиктер 1-3 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда аптап күтіледі. Синоптиктер 1-3 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтардың айтуынша, Иран аудандарынан ыстық және құрғақ ауа массаларының келуі елдің көп бөлігінде өте ыстық ауа температурасын сақтайды. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында циклонның келуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, бұршақ жауып, жел екпінінің күшеюі және ауа температурасының төменеуі күтіледі.
"Термометр бағандары түнде солтүстікте, оңтүстікте және орталықта 12-25 градус, күндіз 30-44 градус ыстық болады. Шығыста түнде 12-20, күндіз 27-35 градус жылы, ал батыста түнде 15-26, күндіз 28-36 градус болады деп күтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также