12 шілде 2021 | 12:32

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

Фото: Тұрар Қазанғапов/tengrinews

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн салқындайды. Синоптиктер 13-15 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн салқындайды. Синоптиктер 13-15 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республиканың басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты фронталь бөліктер әсер етеді. Бұл ауа райының тұрақсыз болуына ықпал етеді. Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл болып, екпінді жел соғады.

"Батыста ауа температурасы түнде + 12+22 градус, күндіз +25+35 градус, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы +7+20 градус, күндіз термометрлер +12+28 градус, еліміздің орталығында және шығысында түнде ауа температурасы +8+20 градус, күндіз +15+28 градус болады. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23 градус, күндіз +25+32 градус болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная