ПОДЕЛИТЬСЯ
02 тамыз 2021 | 12:19
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Иран аудандарынан ығысқан ыстық және құрғақ ауа массалары елдің батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды. Аптап 35-40 градусқа, кей жерлерде 43 градусқа дейін жетеді.
"Республиканың солтүстігі мен шығысынан атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Сондай-ақ, ауа температурасы төмендеуі мүмкін: күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста сынап бағанасы 23-33 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также