ПОДЕЛИТЬСЯ
25 тамыз 2021 | 12:06
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды
Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап және найзағай болады деп күтіледі. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметінше, республиканың басым бөлігінен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады деп болжанған: найзағай, бұршақ, жел және жаңбыр.
"Республиканың барлық аймақтарында температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты: батыста түнде 17...22, күндіз 30...38 градус жылы, солтүстікте түнде 7...18, күндіз 20 ...32 градус, республиканың орталығында және шығысында түнде 7 ... 18, күндіз 22 ... 35 градус, оңтүстікте түнде 15 ... 23, күндіз 32...40 градус аптап, оңтүстік-шығыста түнде 13 ... 22, күндіз 27 ... 37 градус ыстық", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также