ПОДЕЛИТЬСЯ
13 шілде 2022 | 11:47
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды
Қазгидромет мамандары 14, 15 және 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромед" РМК мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет мамандары 14, 15 және 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромед" РМК мәліметіне сілтеме жасап.
Синоптиктер мәліметінше, Иран аймақтарынан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық аумағына әсерін тигізеді.
"Жылы ауа массасы жазғы ауа температурасын әкеліп, Қазақстанның бүкіл аумағына әсер етеді. Тіпті еліміздің солтүстігінде термометр бағаны күндіз 30-35 градус болады", - делінген хабарламада.
Бірақ жоғары температураға қарамастан, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
"15 шілдеден бастап батысқа қарай, ал 16 шілдеден бастап Солтүстік циклон елдің солтүстігіне әсер ете бастайды, бұл ауа температурасының аздап төмендеуіне әкеледі", - деді синоптиктер.
Қазақстан қалаларының ауа райы болжамы картасын мына сілтеме арқылы көруге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также