Қазақстанда алдағы күндері аяз болады

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда алдағы күндері аяз болады Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Қазгидромет синоптиктері 25, 26 және 27 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері 25, 26 және 27 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстан аумағынан белсенді солтүстік-батыс циклоны өтеді. Оның әсерінен оңтүстік өңірлерде қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын болады. 26 желтоқсанда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күшті жауын-шашын күтіледі.

"Республика бойынша боран соғып, жел күшейеді, батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ құбылыстары байқалады", – деп хабарлады синоптиктер.

Жарнама
Жарнама

27 желтоқсанда циклонның орнын суық батыс антициклоны басады. Соның салдарынан жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы төмендейді: түнде елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы 25–30 градус аязға дейін, шығысында 22–30 градус аязға дейін төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама