ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қыркүйек 2022 | 11:44
Қазақстанда алдағы күндері күн жылынады
Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Алдағы үш күнде бірқатар өңірде жаңбыр жауады. Түнде республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, бұрқасын) күтіледі. Тек республиканың солтүстігі, орталығы және шығысы әлі де солтүстік-батыс ықпалында болып, жауын-шашынсыз болады, түнде 5 градусқа дейін аяз күтеледі", - делінген хабарламада.
Күндізгі ауа температурасына келетін болсақ, еліміздің оңтүстігінде 35 градус, солтүстікте, шығыста, орталықта 15-25 градусқа дейін ыстық болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также