17 қазан 2023 12:10

Қазақстанда алдағы қыс қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

"Қазгидромет" синоптиктері 2023 жылдың қарашасы мен 2024 жылдың наурызына арналған Қазақстандағы маусымдық ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" синоптиктері 2023 жылдың қарашасы мен 2024 жылдың наурызына арналған Қазақстандағы маусымдық ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, қарашада жылы және аязды күндердің жиі өзгеруі күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел бір ай ішінде болжанады. Солтүстік өңірлерде жекелеген күндері бұрқасын болуы мүмкін, ҚР аумағы бойынша көктайғақ құбылыстары мен тұман болуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Республиканың солтүстік жартысында, шығысында және орталығында қыс мезгілінде аязды ауа райы айдың екінші жартысында болжанады. Ең суық күндері суық ауа массалары енуіне байланысты ауа температатурасы төмендейді:

ҚР солтүстігінде түнгі уақытта -20-27°С, күндіз -8-13°С дейін; елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -3-12°С, күндіз -1+5°С дейін.

Иран мен Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты ауа райы жылынады:

республиканың оңтүстік жартысында күндіз +8+17°С дейін; солтүстік жартысында +3+10°С дейін.

Осылайша, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа температурасы норма шамасында және нормадан 1° жоғары, ҚР қиыр солтүстігінде - нормадан 1° төмен болады деп күтіледі.

Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде норма шамасында, елдің орталық және шығыс аймақтарында, сондай-ақ республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда - нормадан көп жауады деп болжанған.

"2023-2024 жылдың қысы 2001-2002 жылдың қысы сценарийі бойынша күтіледі, яғни жылы және жауын-шашын мөлшері нормаға жақын және одан да көп болады. Суық кезең ішінде республика аумағына Атлантика аудандарынан жылы және ылғалды ауа массаларының жиі енуі болжанады", - делінген хабарламада.

Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон негізінен климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтіледі. Желтоқсанда ғана Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында, ал ҚР солтүстігі мен шығысында нормадан 1° төмен болады деп болжанады.

Қаңтар және ақпан айларында ҚР басым бөлігінде жауын-шашын норма шамасында және нормадан көп болжанады, желтоқсанда елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, республиканың солтүстік жартысында нормадан аз болады деп күтіледі.

Наурызда Қазақстан аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 2° жоғары болады деп болжанған. Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан көп жауады деп болжанады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram