ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қараша 2021 | 13:16
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-20 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-20 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
18-19 қарашада Атлантикалық циклон және атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (қар) болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады деп күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі. 20 қарашада суық солтүстік-батыс антициклоны әсерінен, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды, алайда елдің батысы мен солтүстік-батысында кезекті циклон ықпалымен қайтадан жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.
"Ауа температурасының ауытқуы Қазақстанның батысында түнде 0-5-тен 5-10 градус аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 5-15-тен 15-25 градус аязға дейін, оңтүстік өңірлерде 5-13-тен 8-16 градус аязға дейін, шығыста 2-10-нан 15-25 градусқа дейін аяз болады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также