Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? Фото: elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19, 20 және 21 сәуірдегі ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19, 20 және 21 сәуірдегі ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша синоптикалық процестер жылдам ауысады деп болжанған. Осылайша, ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі: жауын-шашын, найзағай болып, жел күшейеді. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауу ықтималдығы бар.

"Солтүстік-батыс антициклон әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжиды: елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы біртіндеп төмендейді - түнде 3 градус суық - 5 градус жылы, күндіз 5-15 градус жылы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылы болады деп болжанған", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама