ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2023 | 11:58
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, республиканың солтүстік жартысы жоғары қысымды өріс ықпалында болады, аязды, желсіз және жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен жауын-шашын күтіледі: республиканың батысында, шығыста қар жауады, республиканың оңтүстік жартысында жауын-шашын болжанады (жаңбыр, бұрқасын).
"Оңтүстік облыстарда ауа температурасы күндіз 7-12 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсіп, оңтүстікте жел күшейеді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также