Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" мамандары Қазақстанда 13-15 маусым аралығына арналған қысқаша ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында күн райы құбылып, жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

13 және 15 маусымда Қостанай облысында, 15 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында нөсер жаңбыр жауады деп болжанады.

Осы кезеңде еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында, 15 маусымда оңтүстік-батысында бұршақ жауып, дауылды жел тұруы ықтимал. Жалпы республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Жарнама
Жарнама

Күндіз Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында бүкіл кезең бойы, 14-15 маусымда Қарағанды, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, сондай-ақ 15 маусымда Атырау облысында +35...+38 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Тағы оқыңыз: +46 градусқа дейінгі аптап: Қазақстанда 2026 жылдың маусымы қандай болады

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама