Қазақстанда әлеуметтік тауарларды 127 пайыздық үстемемен қайта сату схемасы әшкереленді

Қазақстанда әлеуметтік тауарларды 127 пайыздық үстемемен қайта сату схемасы әшкереленді Кескін нейрожелі көмегімен жасалған

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қолдан өсіру схемасы анықталды. Кәсіпкер тауарларды өзіне қарасты компания арқылы қайта сатып отырған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қолдан өсіру схемасы анықталды. Кәсіпкер тауарларды өзіне қарасты компания арқылы қайта сатып отырған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Схема қалай жұмыс істеген?

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) талдау барысында бағаларды жасанды түрде көтеру схемасы анықталған.

Реклама
Реклама

Өңірдегі жеке кәсіпкерлердің бірі жасанды делдалдық буын құрған. Кәсіпкер тауарларды (қарақұмық жармасы, қант, тұз) сатып алып, оларды өзіне қарасты ЖШС-ға қайта сатқан.

Салдарынан халық үшін маңызды тауарлардың соңғы бағасы негізсіз өскен.

"Мәселен, қарақұмық жармасына 127 пайыз сауда үстемесін қосқан. Сатып алу бағасы 241 теңге болса, 550 теңгеден сатылған. Ал қантқа сауда үстемесі 45 пайызға жеткен. Ас тұзына 41 пайыз сауда үстемесін қойған. ҚР заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы тиіс", - делінген хабарламада.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Айыппұл салынды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама