14 тамыз 2023 | 11:58

Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік ауқымда банан өсіріле бастады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Alicja/Pixabay

Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік ауқымда банан өсіріле бастады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік ауқымда банан өсіріле бастады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастайды.

"Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 гектар жылыжай кешенін салды. Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді.

Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі, бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жобаның құны бірінші кезеңде 4 миллион АҚШ доллар болған.

"Түрік компаниясы құрылыс кезінде жоғары беріктігі бар құрылымдарды пайдаланды, жылыжайлар климаттық бақылаумен және бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған, бұл өсімдіктердің генетикалық әлеуетін тіпті қолайсыз ауа райында да толық ашуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная